01 Қыркүйек 2026, 11:00
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 270-жолда:
5-бағанда:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты 3 жыл, «Казимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «КТ-Телеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
– 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Қазақстан Республикасы отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдау орталығы» акционерлік қоғамына – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2029 жылғы 6 сәуірге дейін, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамына – 3 жыл, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамына – 3 жыл;
реттік нөмірі 376-жолда:
5-бағанда:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамына қатысты 3 жыл».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу