Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №778 қаулысы

«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық қарап-тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу