Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №611 қаулысы

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасында:

12-тармақтың 10) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

«10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалауды жүргізу және (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мәмілелерді сүйемелдеу мақсатында тәуелсіз консультанттарды тарту;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                          Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу