Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 қазандағы №944 қаулысы

Қызметін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт не Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жүзеге асыратын және міндетті салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау порты – Баку – Джейхан бағыты бойынша Жерорта теңізінің порттарын пайдалану арқылы өткізген кезде экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы  

 

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қызметін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт не Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша жүзеге асыратын және міндетті салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының теміржол станциясы және (немесе) Ақтау порты – Баку – Джейхан бағыты бойынша Жерорта теңізінің порттарын пайдалану арқылы өткізген кезде экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.   

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                  Ә. Смайылов  

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу