25 Қараша 2025, 14:39
«Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
31 қаңтардағы № 164 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қажеттіліктері үшін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, телекоммуникациялардың бірыңғай желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін, біртұтас телекоммуникация желілерінің ресурстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының қажеттері үшін әзірлеу мен пайдалану қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу