Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 наурыздағы №194 қаулысы

Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2 және 4-тармақтарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 37-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған, экспортына айрықша құқық берілген болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің тізбесі;

2) айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі;

3) Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына айрықша лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.

3. Домендік-конвертерлік тәсілмен шығарылған болат дайындамалардың жекелеген түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданысы басталған күннен бастап алты айды құрайды және сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімімен немесе айрықша лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                         О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу