Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №502 қаулысы

«Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 және «Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №27 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 қаулысы;

2) «Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы №118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №27 қаулысы.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                      Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу