04 Шілде 2024, 15:05
«Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін бiлiм беру саласындағы қызметке лицензия беруді жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдарда:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
|
|
4. Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру. |
|
|
5. Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру. |
|
»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«
|
|
|
|
6. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну. |
|
».
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу