Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №482 қаулысы

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

1-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Криминалдық полиция департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы күштер және жедел басқару департаменті, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы:»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«департамент бастығының орынбасары (арнайы және кәсіби даярлыққа жетекшілік ететін);»;

мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«инспектор;»;

он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;

отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«ұйымдастыру жұмысын және кадрлық жоспарлауды;

қызмет өткеруді ұйымдастыруды;

ұйымдастыру-штаттық жұмысты;

ведомстволық білім беруді ұйымдастыруды;»;

қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«идеологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»;

қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«психологиялық жұмысты ұйымдастыруды;»;

қырық үшінші абзац алып тасталсын;

2-тармақта:

отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма:»;

елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»

елу төртінші және елу бесінші абзацтар алып тасталсын;

елу жетінші және елу сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.»;

3-тармақта:

алпыс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»;

бір жүз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;

бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші және бір жүз он бесінші абзацтар алып тасталсын;

бір жүз он жетінші, бір жүз он сегізінші және бір жүз он тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;

бір жүз қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлім (бөлімше, топ):»;

бір жүз алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;

бір жүз алпыс алтыншы, бір жүз алпыс жетінші, бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы және бір жүз жетпісінші абзацтар алып тасталсын;

бір жүз жетпіс екінші, бір жүз жетпіс үшінші және бір жүз жетпіс төртінші абзацтар алып тасталсын;

4-тармақта:

жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіби даярлық қызметтері:»;

мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

барлық атаудағы аға инспектор;

барлық атаудағы инспектор.»;

елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтар алып тасталсын;

сексен бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жедел басқару орталығы:»;

сексен төртінші абзац алып тасталсын;

сексен жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«барлық атаудағы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;»;

тоқсан бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бас маман;»;

мынадай мазмұндағы тоқсан екінші, тоқсан үшінші және тоқсан төртінші абзацтармен толықтырылсын:

«аға инженер;

инженер;

техник.»;

тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері), криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері:»;

мынадай мазмұндағы бір жүз он алтыншы, бір жүз он жетінші және бір жүз он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«бас маман;

аға инженер;

инженер;»;

бір жүз тоқсан бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (бөлімшесі, тобы):»;

бір жүз тоқсан алтыншы абзац алып тасталсын;

бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші және бір жүз тоқсан тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«бас маман – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

аға инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер;

инспектор – мемлекеттік санитариялық дәрігер.».

2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алпыс екінші және алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу