Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №483 қаулысы

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың кейбір мәселелері туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 93-бабының 2-тармағына және 94-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты сатушы болып айқындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару қағидалары бекітілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                  О. Бектенов

 

Ереже

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу