Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 шілдедегі №615 қаулысы

«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 210 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қор «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32612 болып тіркелген) бекітілген 1-нысанға сәйкес алдағы бесжылдық кезеңге арналған қарыз тарту жоспары көрсетілген қарыздар бойынша ақпаратты тоқсан сайынғы негізде есепті айдан кейін 25-і күніне дейін қордың интернет-ресурсына орналастырады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу