07 Тамыз 2023, 11:22
«Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импорты бойынша лицензиар;
өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беруді, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге, эксаумақтық реэкспортқа, импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер, Қазақстан Республикасының түпкілікті тұтынушысының сертификаты, Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қортынды беріліп импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу