Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №170 Қаулысы

«Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 918 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Желілік маркетинг, қоғамдық таратушылар, почта арқылы және басқа да тәсiлдермен сату жолымен сауда орындарынан тыс бөлшек сауда ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 918 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә. Смайылов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу