Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №516 қаулысы

«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен айқындалған таңбалауға жататын тауарлардың тізбесінде:

ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«*** 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған қалыптарға немесе орамдарға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты міндетті таңбалау;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                         О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу