01 Қазан 2026, 10:37
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
21-2) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;»;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) домен атауларының әкімшісін және тіркеу орнын айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домен атауларын тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын айқындау;»;
118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«118) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
«118-1) байланыс операторы шақыруға бастамашы болған абонент туралы ақпаратты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беру қағидаларын бекіту;»;
135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«135) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу кезінде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:
«138-1) әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшалардың тізбесін бекіту;»;
140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша спутниктік байланыс желілерін, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде пайдалану қағидаларын бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 140-1) тармақшамен толықтырылсын:
«140-1) байланыс операторларының телекоммуникациялардың цифрлық картасында көрсету үшін мемлекеттік радиожиілік қызметіне Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс құрылысжайлары мен желілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту;»;
142) тармақша алып тасталсын;
188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«188) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
342-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«342-3) цифрлық объектілерді жасанды интеллект жүйелеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту;»;
351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«351) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда «цифрлық үкіметтің операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;»;
мынадай мазмұндағы 353-1), 353-2) және 353-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«353-1) цифрлық оқиғаларды журналға енгізу қағидаларын бекіту;
353-2) цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
353-3) киберқауіпсіздік аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;»;
384) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«384) цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын, аса маңызды цифрлық объектілерді санаттарға бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 385-1) тармақшамен толықтырылсын:
«385-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемінің (жиынтығының) тізбесін және олардың сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;»;
388) және 389) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«388) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
389) аса маңызды цифрлық объектілерге жататын объектілерді қоспағанда, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жіберу;»;
428) тармақша алып тасталсын;
472) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«472) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды, жоюды немесе алып тастауды талап ету;»;
мынадай мазмұндағы 475-1), 475-2), 475-3), 475-4) және 475-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«475-1) бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидаларын бекіту;
475-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) қағидаларын бекiту;
475-3) дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімін жүргізу;
475-4) субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімін жүргізу;
475-5) дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімінде дербес деректерді өңдеуді субъектінің және оның заңды өкілінің келісімін алмай, үшінші тұлғалардың оларға санкцияланбаған қол жеткізу фактілері негізінде жүзеге асыру;»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Министрдің және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастыру;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
3) Министрліктің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
4) тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітілген орталық мемлекеттік органның штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның штат санын және штат кестесін Министрліктің бірінші басшысы келіскеннен кейін бекіту;
5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату;
7) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
8) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келісу;
9) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
10) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;
12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;
13) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асыру;
14) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
16) Министрліктің мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
17) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Министрліктің аппарат басшысы өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу