Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №1224 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 және «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 283 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 927 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 283 қаулысы.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                            Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу