29 Сәуір 2025, 18:00
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттарды белгілеу туралы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттар белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу