05 Қыркүйек 2024, 10:19
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу