05 Қыркүйек 2024, 10:27
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) орнықты даму мақсаттарын іске асыру қызметін үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 100-2) тармақшамен толықтырылсын:
«100-2) стратегиялық объектілердің меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 105-2), 105-3) және 105-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«105-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;
«105-3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;
105-4) цифрлық трансформация жүргізу;»;
мынадай мазмұндағы 121-1) және 121-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«121-1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары үшін міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
121-2) орталық мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын қоспағанда) және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарға Қазақстан Республикасының Үкіметі қорытындысының жобасын дайындау;»;
мынадай мазмұндағы 154-1) тармақшамен толықтырылсын:
«154-1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты
бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 231-1) тармақшамен толықтырылсын:
«231-1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу