04 Шілде 2023, 15:30
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы №142 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;»;
47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу және бекіту;
48) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсыну;»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
«88-1) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 136-1) тармақшамен толықтырылсын:
«136-1) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 154-1) тармақшамен толықтырылсын:
«154-1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 186-2) тармақшамен толықтырылсын:
«186-2) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін әзірлеу;»;
233) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«233) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларын және оның номинацияларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 233-1), 233-2) және 233-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«233-1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ақшалай сыйақы мөлшерiн бекіту;
233-2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
233-3) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мөлшері мен санын бекіту;»;
259-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«259-11) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
259-12) тармақша алып тасталсын;
259-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«259-13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу