Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 шілдедегі №577 қаулысы

«Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 397 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлер аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын әзiрлеу және келiсу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу