Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы №1065 қаулысы

Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 10962 гектар жерді Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру арқылы Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне және  Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Қазақстан Республикасының

                Премьер-Министрі                                                                 Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу