04 Сәуір 2022, 15:35
«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №489 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау тәртібін айқындайды.
5-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компанияның даму жоспары;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу