Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 наурыздағы №199 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 және «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 313 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

1) «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 172-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 269-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

«29) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 270-жолда:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы;

2) «С.М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамы;

3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервистік бюросы» акционерлік қоғамы;

4) «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы;

5) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;

6) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы;

7) «Волковгеология» акционерлік қоғамы;

8) «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы;

9) «Қазпошта» акционерлік қоғамы;

10) «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

11) «КАР Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

12) «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

13) «Павлодар мұнай-химия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

14) «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

15) «ҚМГ-Құмкөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

16) «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

17) «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

18) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

19) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

20) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

21) республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;

22) «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

23) «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

24) «Құмар ойындар мониторингі және талдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

25) «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

26) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

27) «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;

28) «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

29) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 279-жолда:

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты 2030 жылғы 11 тамызға дейін, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 321-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 323-жолда:

5-бағанда 1) тармақша алып тасталсын;

реттік нөмірі 334-жолда:

5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

реттік нөмірі 347-жолда:

5-бағанда 1) тармақша алып тасталсын;

реттік нөмірі 376-жолда:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

4) «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

5) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»;

7-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты 2030 жылғы 24 қазанға дейін»;

2) «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 313 қаулысында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. КеАҚ қызметінің негізгі нысаналары Қазақстан Республикасының жерасты су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету болып айқындалсын, оған халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оларды зерделеу, ресурстарын іздестіру және бағалау, мониторингілеу мен мемлекеттік есепке алу, басқаруды цифрландыруды ұйымдастыру, дерекқорлар мен геоақпараттық жүйелерді құру және жүргізу, өздігінен төгіліп жатқан және авариялық иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау, сондай-ақ суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалау жүргізу де кіреді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу