Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №996

«Жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы (таксономиясы) бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі     А. Мамин

1 қосымша

2 қосымша

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу