11 Сәуір 2025, 09:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
15-тармақтың 49-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 132-2) тармақшамен толықтырылсын:
«132-2) ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу