21 Қазан 2025, 12:00
«Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 882 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын мерзімге дейін қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген өздеріне қатысты ең төмен бағалар деңгейі қолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу