Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 қазандағы №879 қаулысы

«Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларды гуманитарлық көмек ретінде әкелу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі                                                                 О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу