09 Қазан 2025, 12:25
Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 436-бабының
13) тармақшасына және 681-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру өлшемшарттары айқындалсын.
2. «Қазақстан қор биржасы» (келісу бойынша) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» (келісу бойынша) акционерлік қоғамдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, өздерінің интернет-ресурстарында осы қаулыда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар туралы ақпарат орналастырып тұрсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу