Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 қазандағы №909 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 632 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

«16) балама құралдар;

17) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптeстіктердің акциялары мен үлестері (Special Purpose Vehicle);

18) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу