Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №595 қаулысы

«Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты  есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025  жылғы  14 сәуірдегі № 237 қаулысына  толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:

          «

8

«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автомобиль жолын

(433-946 км  «Жезқазған-Қарағанды» учаскесі) реконструкциялау

 

1171860579000 теңге

2025 – 2045 жылдар

996072188000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы).

Бірінші кезең шеңберіндегі мемлекеттік

кепілдік сомасы 650000000000 теңгеден

аспайды (қарыз валютасына баламалы):

2025 жыл – 325000000000 теңге (Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі),                   2026 жыл – 325000000000 теңге (Азия инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі)

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

9

Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу

237396000000 теңге

2025 – 2048 жылдар

201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)

 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі

10

Республикалық маңызы бар  А-27 «Атырау-Доссор»                    598-512 км автомобиль жолын реконструкциялау

138411800000 теңге

2025 – 2048 жылдар

121802400000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы), оның ішінде                   2025 жылға – 44600000000 теңге,                       2026 жылға – 77202400000 теңге

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі

 ».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                                О. Бектенов

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу