23 Ақпан 2026, 10:08
«Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесінде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі, Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі, Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі, Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі, Активтерді қайтару жөніндегі қызмет, Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті, Қаржы департаменті:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – ИҚҚК):
ИҚҚК төрағасы;
ИҚҚК төрағасының орынбасары;
ИҚҚК басқарма бастығы;
ИҚҚК басқарма бастығының орынбасары;
ИҚҚК бөлім бастығы;
ИҚҚК басқарма, бөлім аға прокуроры;
ИҚҚК басқарма, бөлім прокуроры.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жұмысын;
құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде құпия құжаттамалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді (қызметтік, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жүзеге асыруды қоспағанда);
қаржылық қамтамасыз етуді;
ақпараттандыруды, цифрландыруды және ақпараттық ресурстарды қорғауды;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.»;
8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Төтенше жағдайларды жою департаменті, Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті, Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы (Департамент құқығында), Кадр және тәрбие жұмысы департаменті, Жұмылдыру дайындығы басқармасы, Анықтау басқармасы:»;
17-тармақта:
жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«басқарма бастығы (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);»;
«басқарма бастығының орынбасары (қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін).»;
мынадай мазмұндағы алпыс тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«аға инспектор-психолог (келіссөз жүргізуші);»
тоқсан жетінші және тоқсан сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«қалалық (аудандық, көліктегі) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);»;
«полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелеріне, көліктегі патрульдік полицияға жетекшілік ететін);»;
жүз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;».
2. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу