29 Сәуір 2026, 10:09
«Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын әкелу (кіргізу) және олардың Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
24 қарашадағы № 1031 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын әкелу (кіргізу) және олардың Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу қағидалары мен талаптарында 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыстағы автокөлік құралы – Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланатын және бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін автокөлік құралы:
тұрғылықты жері немесе болатын жері Қазақстан Республикасынан тыс жердегі жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі;
Қазақстан Республикасында тіркелмеген;
Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген.
Автокөлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы пайдаланса және:
оның меншігінде болса;
Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
Қазақстан Республикасына уақытша әкелсе, ол Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыстағы автокөлік құралы деп саналады;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу