Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы №46 қаулысы

«Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Ақша түріндегі мүлік бюджеттің кірісіне немесе Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады. Шетел валютасы осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми валюта айырбастау бағамы бойынша не меншік иесінің болашақта мүлік құқықтарын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартында белгіленген беру күніне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға есепке жатқызылады.

Меншік иесі осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты тиісті бюджетке аударуды «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді. Меншік иесінің болашақта мүлік құқықтарын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін
1-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        О. Бектенов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу