Ерлан Ақбаров ҚР ӨҚМ комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Ерлан Есенәліұлы Ақбаров ҚР ӨКМ Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қарағанды техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да оператор болып бастады.

2002-2005 жылдары «Қазбұргаз» АҚ-да инженер-геолог болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке меншік компанияларда қызмет етті.

2018-2020 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары, басшысы.

2020-2021 жылдары — «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу