Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова
1971 жылы Қызылордада дүниеге келген.
Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.
1997–1999 жылдары — Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының қызылордалық филиалының кіші ғылыми қызметкері.
1999–2001 жылдары — Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары.
2001–2003 жылдары — Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері.
2003–2004 жылдары — Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2005–2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының басшысы.
2007–2013 жылдары — Қызылорда медициналық колледжінің директоры.
2013–2014 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2014–2015 жылдары — Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы.
2015–2019 жылдары — Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019–2020 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2020–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан депутаты.
2024 жылғы 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу