Дәурен Жұматайұлы Қосанов
1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысында дүниеге келген.
Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Ю.А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.
Еңбек жолын Үшарал истребительдік полкінде жойғыш-ұшқыш ретінде бастаған.
Талдықорған қаласындағы авиациялық база командирі.
Шымкент қаласындағы авиациялық база командирі.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы.
2022–2024 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2024–2025 жылдары — қорғаныс министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы.
2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу