Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Жаслан Хасенұлы Мәдиев

1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін (Master of public administration), Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған (Master of business administration). 

Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.

Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2020-2022 жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

2022-2024 жылдары — Binance Kazakhstan бас менеджері.

2024 жылғы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу