Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов
1984 жылы 30 тамызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2007–2008 жылдары — Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы.
2009–2013 жылдары — Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.
2009–2018 жылдары — «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушы қызметін қоса атқарды.
2013–2017 жылдары — Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
2018–2020 жылдары — «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры.
2020–2021 жылдары — Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021–2023 жылдары — Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
2023–2024 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу