Көлік министрі

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев

1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастаған. 

1997–2011 жылдары аралығында теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2011–2014 жылдары — ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2014–2016 жылдары — қорғаныс министрінің орынбасары.

2017–2018 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019–2021 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.

2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР көлік министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу