Қаржы министрі

Мәди Төкешұлы Такиев

1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін, Халықаралық бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.

2000-2008 жылдары — Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекшісі, бас салық инспекторы, ШКС жұмысы және аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.

2008-2009 жылдары — Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2009-2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары — ҚР ҚМ Салық комитетінің басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 жылы — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.

2014-2017 жылдары — Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау облысы бойынша басшысы.

2017-2019 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жылдары — VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу