Сыртқы істер министрі

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді

1968 жылы 30 маусымда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында және Йенсе университетінің Тілдер институтында (Корея Республикасы) тағылымдамадан өткен.

1990–1992 жылдары — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті философия тарихы кафедрасының тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.

1992–1993 жылдары — С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қытай филологиясы кафедрасының ассистенті.

1993–1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының атташесі.

1996–1999 жылдары — Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

1999 жылы — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаменті Азия бөлімінің бірінші хатшысы.

1999–2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаменті Азия бөлімінің бастығы міндетін атқарушы.

2000 жылы — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаменті Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия бөлімі бастығы.

2000–2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі.

2001–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінің кеңесшісі.

2003–2004 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі.

2004–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2005–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2009–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы (Швейцария) БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы.

2009–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2015–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Иерусалимдегі Әулие Иоанн, Родос және Мальта госпитальерлерінің Егеменді әскери ордені жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2016–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2019–2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2021–2023 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.

2023–2026 жылдары — Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу