Әділет министрі

Азамат Несіпбайұлы Есқараев

1979 жылы Алматы қаласында туған. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 

2000-2005 жылдары ҚР Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы болған.

2005-2006 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы.

2006-2007 жылдары — «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері.

2007-2012 жылдары — ҚР Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры.

2012-2014 жылдары ҚР ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.

2014-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 

2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.

ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының әділет министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу