Әсел Жұбанышқызы Жанасова
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.
2010–2014 жылдары — Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры;
2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары;
2016–2017 жылдары — «Зерде ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2017–2018 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі;
2018–2020 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры;
2020–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы cауда және интеграция министрінің орынбасары;
2022–2025 жылдары — «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
2025 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.
2025 жылғы 10 желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2026 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу