21 Маусым 2018, 12:47
ҚР Үкіметінің қаулысымен және ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының келісімімен Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды және директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.
2012–2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.
2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.
2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.
Бұған дейін 2015 жылдан бастап «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы лауазымында Нұрлыбек Мәлелов қызмет етті.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу