Ә. Ахметов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Өкімімен Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды», — делінген хабарлама мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу