16 Қараша 2026, 19:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет Ерболатұлы Тұрғанбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
1988 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Сингапур ұлттық университетін бітірген.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
2010–2011 жылдары — «Қазақстан халқы рухани даму қоры» АҚ менеджері.
2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қаржы және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы сарапшысы.
2012–2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.
2019–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы.
2023 жылы – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» ҚҚ бас менеджері.
2024–2025 жылдары — ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу