Алмат Әбдікешов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ҚР ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016-2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу