Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін ҚР Президентінің Жарлықтарымен: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен; Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланыста ҚР Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін Әсет Исекешев Астана қ. әкімі лауазымын атқарған.

Ә. Исекешев 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1998 жылы ҚР Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеген.

2003–2006 жылдары ҚР индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарған.

2006–2007 жылдары «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары ретінде еңбек еткен.

2007–2008 жылдары — «Credit Swiss (Қазақстан)» компаниясының қаржылық жобалар маркетингі жөніндегі директоры.

2008 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамыр аралығында — ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап — ҚР индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап — ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың 6 тамызынан бастап —инвестициялар және даму министрі.

2016 жылғы 21 маусымнан бастап — Астана қаласының әкімі.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу