Бауыржан Молдағалиев ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Бауыржан Есқалиұлы Молдағалиев ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

1989 жылы Жетісу облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (бакалавриат, магистратура, докторантура) бітірген, философия докторы (PhD).

Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК мемлекеттік тіл аудармашысы болып бастаған.

2012–2013 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі «Философия және саясаттану институты» РМҚК Фарабитану және салыстырмалы зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері.

2013–2016 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК философия бөлімінің ғылыми қызметкері.

2016–2017 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-талдау және құқықтық бағалау басқармасында қолданбалы әлеуметтік технологиялар бөлімінің жетекші сарапшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Ақпараттық жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы.

2018–2019 жылдары — Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығында сарапшы.

2019–2022 жылдары — Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығында консультант.

2022–2023 жылдары — Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2023–2026 жылдары — Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2026 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу